ҚҰРҒАҚ АЙМАҚ ЖАҒДАЙЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Авторы

  • А.Ж. Сманов
  • Т.А. Атакұлов
  • А.М. Тағаев

DOI:

https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-4-3-34-44

Ключевые слова:

Су үнемдеу технологиялары, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару, дәстүрлі суару, суды пайдалану тиімділігі, ауыл шаруашылығы дақылдары

Аннотация

Түркістан облысы Қазақстанның ең ірі аграрлық аймақтарының бірі бола отырып, су
тапшылығының әсерінен ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруда үлкен қиындықтарға тап
болуда. Құрғақ климат жағдайында дәстүрлі суару әдістерінің тиімділігі төмен. Осыған байланысты
зерттеудің негізгі мақсаты – су үнемдеу технологияларының (тамшылатып және жаңбырлатып
суару) тиімділігін анықтап, олардың өнімділікке әсерін бағалау.
Зерттеу 2022-2024 жылдары Түркістан облысының Сайрам, Шардара және Отырар
аудандарында жүргізілді. Аудандар құрғақ климаттық ерекшеліктерімен сипатталады: жылдық
жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, жазда орташа температура +35…+40 °C. Топырақ негізінен
сазды-құмды, су өткізгіштік қасиеті әртүрлі. Экспериментке алынған дақылдар: бидай, жүгері,
мақта және көкөніс дақылдары.
Қолданылған суару әдістері: дәстүрлі арықпен суару (контроль), тамшылатып суару,
жаңбырлатып суару және жер асты суару (субирригация). Өлшеу көрсеткіштері: су шығыны (м³/га),
топырақтағы ылғал мөлшері (%), өнімділік (ц/га), су пайдалану тиімділігі (кг/м³).
Деректер статистикалық әдістер арқылы өңделіп, әр әдістің тиімділігі салыстырмалы түрде
бағаланды. Тәжірибе нәтижелері тамшылатып суару әдісі дәстүрлі арықпен салыстырғанда суды 25-30%-ға дейін үнемдеп, өнімділікті 12-25%-ға арттырғанын көрсетті. Әсіресе жүгері (+18%) және
мақта (+25%) дақылдары бойынша тиімділік жоғары болды. Жаңбырлатып суару әдісі бидай үшін
оң нәтиже берді. Жалпы, су үнемдеу технологиялары Түркістан облысының ауыл шаруашылығы
өндірісін тұрақты дамыту үшін тиімді әдіс болып табылады.
Түркістан облысының құрғақ климаттық жағдайында су үнемдеу технологияларын
қолданудың маңыздылығын айқын көрсетті. Тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістері
дәстүрлі арықпен салыстырғанда суды едәуір үнемдеуге және ауыл шаруашылығы дақылдарының
өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Мақта және жүгері дақылдары бойынша тиімділік ерекше байқалды – өнімділік тиісінше 25%
және 18% өсім көрсетті. Бидай дақылы үшін жаңбырлатып суару әдісі оң нәтиже берді. Осылайша,
әр дақыл мен ауданның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, су үнемдеу технологиясын дұрыс
таңдау маңызды екені анықталды. Жалпы, су үнемдеу технологиялары ауыл шаруашылығы
өндірісін тұрақты дамытуға сенімді құрал болып табылады. Олар топырақтың құнарлылығын
сақтауға, өсімдіктердің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және климаттық стрессті жеңуге ықпал
етеді. Сондықтан бұл әдістерді кең көлемде енгізу өңірдің аграрлық әлеуетін толық іске асырудың
маңызды тетігі болып табылады.

Библиографические ссылки

Atakulov, T., Romaneckas, K., Erzhanova, K., Smanov, A. Zh. The effective use of irrigated land:

resource-saving technologies. // ARPN Journal of Engineering and Applied Sciences. – 2020. – № 15. –

ISSN 1819-6608. – Р. 1498-1503.

Toishimanov, M., Suleimenova, Zh., Myrzabayeva, N., Dossimova, Zh., Shokan, A., Kenenbayev,

S., Yessenbayeva, G., Serikbayeva, A. Effects of Organic Fertilizers on the Quality, Yield, and Fatty Acids

of Maize and Soybean in Southeast Kazakhstan. // Қазақстан ауыл шаруашылығы журналы. – 2024. –

№ 16 (1). https://doi.org/10.3390/su16010162

Жанбырбаев, Е.А., Барлыкова, Н.Ә., Сманов А.Ж. // Агрономиялық зерттеу негіздері. –

Алматы: Айтұмар, 2024. – Б. 159.

Қуанышев, Б., Әлиев, С. Технология выращивания сельскохозяйственных культур в

условиях капельного орошения. // Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық

техникалық университетінің ғылыми практикалық журналы. – 2021. – С. 152-161.

https://doi.org/10.52578/2305-9397-2023-3-2-152-163

Schneider F, Don A, Hennings I, et al. The effect of deep tillage on crop yield–what do wereally

know. // Soil Tillage Res. – 2017. – № 174. – Р. 193-204.

https://doi.org/10.1016/j.still.2017.07.005

Arora, S., Singh, A.K., Singh, Y.P. Bioremediation of Salt Affected Soils: An Indian Perspective,

Bioremediation of Salt Affected Soils: An Indian Perspective. // Springer International Publishing, Cham.

– 2017. https://doi.org/10.1007/978-3-319-48257-6.

Атакулов Т. Сманов А. Ержанова К. Жунисхан Д. Толеков А. Назаров Х. ОРГАНИЗАЦИЯ

ЗЕЛЕНОГОКОНВЕЙЕРА НА ЮГО-ВОСТОКЕ КАЗАХСТАНА. // Исследования, результаты. –

– № 3 (99). – ISSN 2304-3334. – С. 219-227.https://doi.org /10.37884/3-2023/22

Оспанбаев Ж.О., Карабаев М.К. Перспективы нулевой технологии возделывания культур на

юге и юго-востоке Казахстана // No-Till и плодосмен – основа аграрной политики поддержки

ресурсосберегающего земледелия для интенсификации устойчивого производства: материалы

междунар. конф. – Астана: Шортанды, 2009. – С. 195-198

Базилова Д.С., Долинный Ю.Ю., Иванова Г.Н. Солтүстік Қазақстан жағдайында жаздық

жұмсақ бидай селекциясына арналған бастапқы материал // Ізденістер, нәтижелер. – 2022. – №2 (94).

– Б. 37-46. https://doi.org/10.37884/2-2022/05

Тургульдинова, С., Орынгожин, Е., Әлімбай, М., Милетенко, Н., Рамазанова У.

Картирование орошаемых земель в сельском хозяйстве с использованием геоинформационных

систем. // География и водные ресурсы. – 2025. – DOI: https://doi.org/10.55764/2957-9856/2025-3-3-10.27

Assefa, T., Jha, M., Reyes, M., Worqlul, A. W. Modeling the Impacts of Conservation Agriculture

with a Drip Irrigation System on the Hydrology and Water Management in Sub-Saharan Africa. //

Sustainability. – 2018. – № 10(12). – Р. 4763. – DOI: https://doi.org/10.3390/su10124763

Sharma, S., Pathak, H., Kumar, S. Roles of Organic Agriculture for Water Optimization in Arid

Regions. Sustainability. – 2025. – № 17(12). – Р. 5452. – DOI: https://doi.org/ 10.3390/su17125452

Қахаров, А. А., Нурабаев, Д. М., Асканбек, А. А., Турсунбаев, Х. И. Способы применения

водосберегающих технологий орошения в практике сельского хозяйства предгорной зоны

Жамбылской области (Казахстан). // Молодой ученый. – 2022. – № 11 (406). – С. 69-73.

Гриценко, Н. В., Кудайбергенова, И. Р. Продуктивность использования водосберегающих

технологий орошения при выращивании сельскохозяйственных культур. // Международный

научный журнал «Global Science and Innovations». – 2021.

Пулатов Я.Э. Водосберегающие технологии орошения и эффективность использования

воды в сельском хозяйстве. // Экология и строительство. – 2017. – № 4. –

С. 21-26.

Балгабаев Н. Н., Калашников А.А., Кван Ю.Р. Оценка водных ресурсов южного казахстана:

ретроспектива и перспектива. // География и водные ресурсы. сс

Alharbi, S., & Al-Ghafri, A. Agricultural and Technology-Based Strategies to Improve Water-Use Efficiency in Arid Environments. Water. – 2024. – № 16(13). – Р. 1842. – DOI:

https://doi.org/10.3390/w16131842

Sharma, R., & et al. Optimizing water-efficient agriculture: evaluating the combined effect of

irrigation and tillage practices under water scarcity. // Scientific R eports. – 2025. – DOI:

https://doi.org/10.1038/s41598-025-15426-6

Джайсамбекова, Р.А., Басманов, А.В., Аманбаева, Б.Ш., Шагарова, Л.В., Шайдуллина, Е.Г.

Повышение водообеспеченности орошаемых земель при эксплуатации вертикального дренажа в

Южном Казахстане. // Гидрометеорология и экология. – 2025. – № 3 (118). –

Р. 103-114. – DOI: https://doi.org/10.54668/2789-6323-2025-118-3-103-114

Гричаная, Т.С. Оценка эффективности использования возобновляемых водных ресурсов в

орошаемом земледелии по Арало‑Сырдарьинскому водохозяйственному бассейну. – 2025. –

DOI: https://doi.org/10.54668/2789‑6323‑2025‑119‑4‑35‑46

Деревяго, И.П., & Дубенок, С.А. Экономические инструменты управления водными

ресурсами и объектами и водохозяйственными системами. // (монография / сборник). ВШЭ, Минск,

– С. 304.

Опубликован

2025-12-25

Как цитировать

[1]
А. Сманов, Т. Атакұлов, и А. Тағаев, «ҚҰРҒАҚ АЙМАҚ ЖАҒДАЙЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ», gbj, т. 3, вып. 4(81), сс. 34–44, дек. 2025.

Выпуск

Раздел

Сельскохозяйственные Науки