АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАУ БӨКТЕРІ АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА КҮЗДІК БИДАЙДЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ӨСІРУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-4-3-25-34Ключевые слова:
Күздік бидай, тау бөктері, дәлме-дәл егіншілік, тыңайтқыш, өнімділік, биоагент.Аннотация
Бұл ғылыми зерттеу Алматы облысының тау бөктері аймағы жағдайында күздік бидайды инновациялық технологияларды қолдану арқылы өсірудің тиімді агротехникалық жолдарын анықтауға бағытталған. Аймақтың күрделі топырақ-климаттық жағдайлары — рельефтің көлбеулігі, ылғалдың біркелкі бөлінбеуі, жауын-шашынның маусымдық ауытқуы және топырақтың агрохимиялық құрамының әркелкілігі — ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты өнімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялық шешімдерді қажет етеді. Осыған орай, зерттеу барысында инновациялық егіншілік тәсілдерінің кешені талданып, олардың агробиоценозға әсері жан-жақты бағаланды. Жұмыста нөлдік және минималды топырақ өңдеу технологияларының, GPS-навигацияға негізделген дәлме-дәл егіншілік элементтерінің, жоғары өнімді сорттарды пайдалану мен тұқымды сапалы дәрілеудің, қорек элементтерін теңгерімді енгізудің және су үнемдейтін заманауи суару жүйелерінің артықшылықтары қарастырылды. Сонымен қатар, топырақ құрылымын жақсартатын органоминералдық тыңайтқыштар мен биологиялық өнімдердің әсері, олардың өсімдіктің бастапқы өсу қарқынына, түптену процесіне және дән қалыптастыру кезеңіне ықпалы зерттелді.
Нәтижелер көрсеткендей, инновациялық технологияларды қолдану топырақтың ылғал қорының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етіп, өсімдіктердің физиологиялық белсенділігін арттырады және стресс факторларға төзімділігін күшейтеді. Су үнемдейтін технологиялар дақылдың вегетациялық кезеңінде ылғал тапшылығының жағымсыз әсерін төмендетіп, өнім құрылымының сапалық көрсеткіштерін жақсартады. Сонымен қатар, топырақ өңдеуді қысқарту арқылы органикалық заттардың минералдану қарқыны баяулап, гумус қорының сақталуы мен топырақ эрозиясының алдын алу қамтамасыз етіледі.
Жалпы алғанда, жүргізілген зерттеу Алматы облысының тау бөктері аймағында күздік бидай өндірісін оңтайландыруға бағытталған инновациялық технологиялық шешімдердің тиімді екенін дәлелдеді. Алынған нәтижелер агроөндірушілерге дақылдың өнімділігі мен сапасын арттыруға, су және топырақ ресурстарын үнемдеуге, сондай-ақ егіншіліктің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл зерттеу өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі бағыттарына практикалық ұсыныстар ұсыну арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін жаңғыртуға үлес қосады.
Библиографические ссылки
Сманов А.Ж., Атақұлов А.Т., Ержанова К.М. Қазақстанның оңтүстік–шығысында
қорүнемдейтін, инновациялық технологиялар негізінде суармалы жерлерді тиімді пайдалану :
монография. – 2024. – Б.194. – Режим доступа: https://lib.kaznaru.edu.kz/res/ebook_814/index.html
Базилова Д.С., Долинный Ю.Ю., Иванова Г.Н. Солтүстік Қазақстан жағдайында жаздық
жұмсақ бидай селекциясына арналған бастапқы материал // Ізденістер, нәтижелер – Исследования,
результаты. – 2022. – № 2 (94). – С. 37-46. – DOI: https://doi.org/10.37884/2-2022/05
Atakulov T., Romaneckas K., Erzhanova K., Smanov A.Zh. The effective use of irrigated land:
resource-saving technologies // ARPN Journal of Engineering and Applied Sciences. – 2020. – Vol. 15. –
P. 1498-1503. – Режим доступа:
https://www.arpnjournals.org/jeas/research_papers/rp_2020/jeas_0720_8256.pdf
Атақұлов Т., Ержанова К., Мамашалиева А., Сманов А. Ж. Алматы облысы тау бөктері
жағдайында суғармалы жерлерді тиімді пайдалану жолдары // Ізденістер, нәтижелер –
Исследования, результаты. – 2019. – С. 102-105.
Food and Agriculture Organization of the UN. Conservation Agriculture in Central Asia: Status,
Policy and Institutional Support and Strategic Framework for its Promotion. – 2013. – Р. 59.
Arystanov A. Use of Indices Applied to Remote Sensing for Establishing Winter Wheat in the
Foothills of South Kazakhstan // Sustainability. – 2024. – Vol. 16(17). – Art. 7548. – DOI:
https://doi.org/10.3390/su16177548
Атақұлов Т.А., Ержанова К.М., Жоламанов К.К. Егіншіліктің инновациялық
технологиялары: оқулық. – 2018. – С. 52-56. – Режим доступа: https://rmebrk.kz/bilim/kaznau/
atakulov_eginshiliktin_innovasiyalyk_tehnologiyalary.pdf
Кеишилов Ж.С., Кохметова А.М., Кумарбаева М.Т., Болатбекова А.А., Бахытұлы Қ. Алматы
және Түркістан облыстары бойынша күздік бидай сорттарының пиренофороз ауруына төзімділігін
анықтау // Жәңгір хан атынд. БҚАТУ-дың ғылыми-практикалық журналы. – 2025. – № 3-3(80). –
DOI: https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-3-3-32-43
Evseev V.V. Pyrenophorosis of wheat in the forest-steppe of Southern Urals. // Beau Bassin, LAP
Lambert Academic Publishing, 2018. – Р. 148. – ISBN 978-613-9-32157-0.
Manisha S. Germplasm enhancement for yellow spot resistance in wheat. // Department of
Agriculture and Food, WA. – 2016.
Кумарбаева М.Т. Идентификация источников устойчивости к желтой ржавчине пшеницы
в коллекции озимых образцов // Исследования, результаты. – 2023. – № 2(98). –
С. 89-101. – DOI: https://doi.org/10.37884/2-2023/09
Сыдық Д. А., Коскараева Ш. С., Құланбай Қ. Ж., Казыбаева А. Т. Влияние
ресурсосберегающих технологий возделывания люцерны под покровом на богарных землях юга
Казахстана // Жәңгір хан атынд. БҚАТУ-дың ғылыми-практикалық журналы. – 2025. –
№ 3-3(80). – Режим доступа: https://ojs.wkau.kz/index.php/gbj/article/view/3028/1884
Масалиев Н. М. Влияние фосфорных удобрений на общий азотный за пас в орошаемой
светло-каштановой почве и химический состав сена люцерны // Исследования, результаты. – 2024.
– № 2(102). – С. 228-237. – DOI: https://doi.org/10.37884/2-2024/22
Байтаракова К.Ж., Гацке Л.Н., Мейрман Г.Т. Продуктивность коллекционных
сортообразцов дикорастущих видов люцерны как исходный материал для селекции // Достижения
и перспективы земледелия, селекции и биологии сельскохозяйственных культур. – Алмалыбақ,
– С. 61-64.
Kunyreva G.T., Zhapayev R.K., Ospanbayev Zh.O. и др. The influence of resource-saving
technologies on winter wheat grown on irrigated lands of the southeast of Kazakhstan // Herald of Science
of S. Seifullin Kazakh Agrotechnical University. – 2022. – № 4(115). – DOI: https://orcid.org/0000-0002-6653-7041
Turebayeva S., Zhapparova A., Kekilbayeva G. и др. Development of sustainable production of
rainfed winter wheat with no-till technologies in southern Kazakhstan // Agronomy. – 2022. –
№ 12(4). – Р. 950. – DOI: https://doi.org/10.3390/agronomy12040950
Seitkazieva S., Borisyuk N. V. и др. Sustainability of irrigated agriculture in the context of climate
change and ensuring food security in the regions // Наука и образование. – 2025. – DOI:
https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-3-3-98-107
Тағаев А., Сманов А., Толеков А. Способы повышения эффективности орошаемых земель
// Izdenister natigeler. – 2025. – № 1(105). – С. 490-497. – DOI: https://doi.org/10.37884/1-2025/52
Kaldybaev S., Erzhanova K., Smanov A. Resource-saving restoration technologies of the
degraded irrigated lands in Southeastern Kazakhstan // Ecology, Environment and Conservation. – 2020. –
№ 26(4). – Режим доступа: https://www.envirobiotechjournals.com/EEC/v26i420/EEC-3.pdf
Ismagulova A. Zh., Mirlas V., Burshukov N. Optimization of water resources use in agriculture
of Yenbekshi-Kazakh District through artificial groundwater recharge // Engineering Journal of Satbayev
University. – 2025. – № 147(1). – DOI: https://doi.org/10.51301/ejsu.2025.i1.06
Massaliyev N., Ramazanova S., Karayeva K., Oshakbayeva Z., Zhamangarayeva A., Smanov A.,
Aubakirov N., Duisekov S. Impact of phosphorus fertilization on the yield and quality of various alfalfa
(Medicago sativa L.) varieties in light chestnut soils // Eurasian Journal of Soil Science. – 2024. – № 13(4).
– P. 328-337. – DOI: https://doi.org/10.18393/ejss.1521142
Атакулов Т., Сманов А., Ержанова К., Жунисхан Д., Толеков А., Назаров Х. Организация
зеленого конвейера на юго-востоке Казахстана // Исследования, результаты. – 2023. – № 3(99). – С.
-227. – DOI: https://doi.org/10.37884/3-2023/22
Erzhanova K., Atakulov T., Ospanbayev Zh., Kestutis R., Smanov A. Evaluating the potential for
multicropping in SE Kazakhstan: double-cropping corn after winter triticale and winter oilseed rape //
Eurasian Journal of Soil Science. – 2023. – № 12(1). – P. 79-84. – DOI: